Қазан айында "Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы" тақырыбында "Қызғалдақ" қыздар ұйымының жоспарлы жиналысы өткізілді. Жиналысқа 7-11 сыныптың барлық қыз оқушылары, тәрбие ісінің орынбасары, мектеп медбикесі, психологтар, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер қатынасты.
????Қыздар ұйымының жетекшісі Кисина Айгерім жиналыстың күн тәртібімен таныстырып, көмекшісі 11-сынып оқушысы Тегісбаева Еркетай өткен оқу жылында қыздар клубының атқарған жұмыстарын қорытындылап, жаңа оқу жылының жылдық жоспарымен таныстырды.
????Қыз балаларға тән нәзіктік, адалдық, адамгершілік, инабаттылық қасиеттерін дамыту, жүріс- тұрыс, тазалық пен жеке бас гигенасын сақтау дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілген шарада мектеп психологтары және ұйым жетекшісі видеороликтер, ойталқы сұрақтары арқылы шараны әрі қарай өрбітті. Қыз оқушылар бір-бірімен еркін пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді, ұсыныстарын жеткізді.
????Оқушыларға оқушы ережесіне бағыну, бірыңғай мектеп формасын сақтау, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу, тойхана, мейрамханаларда даяшы болмау жөнінде ескертпелер берілді.


