2023 жылдың 7 желтоқсан күні Д.Төленов атындағы орта мектебінде эстетикалық пәндердің онкүндігі аясында музыка пәні мұғалімі Э.Хисметуллинаның ұйымдастыруымен өткен ,,Күй - халық қазынасы" атты өнеге сағатына З.Есщанова атындағы өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Рамиль Елемесов шақырылған болатын. Рамиль өскелең ұрпаққа өнегелі әңгімесін айта отырып, бірнеше күйлерді орындады.
"Шәкір жеңісі - ұстаз мерейі" демекші, мектептің өнерлі оқушылары да өз өнерлерін ортаға салды.
"Екі шектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра, Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз - домбыра",- деп Қадыр Мырза-Әлі атамыз жырлағандай, асыл қазынамыз -домбыраға арналған өнеге-танымдық шара жоғары деңгейде өтті. Тағылымы жол, ұлттық құндылықтар насихатталған, балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыратын Рамиль ағаймен керемет сұхбат өтті.
Өнерлі өрендер көп болсын!
#сыныпжетекші
#біртұтас_тәрбие
#atyrau_tàrbie


